KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Зайсан көлінде суға кеткен екі адамның бірінің денесі табылды

Қайсар Қанат

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылы маңынан 1995 жылы туған ер адамның денесін судан шығарған.

Ал 1968 жылы туған екінші азаматты іздеу жалғасуда. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Іздеу-құтқару жұмыстарына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, катерлер және өзге де жүзу құралдары жұмылдырылған. Сонымен қатар іздеуге жергілікті тұрғындар да көмектесіп жатыр.

Құтқарушылардың жұмысын көлдің тереңдігі мен су түбінің күрделі бедері қиындатып отыр.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →