Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұзақ өмір сүруге пайдасын тигізетін көкөніс түрі белгілі болды

Ұзақ өмір сүруге пайдасын тигізетін көкөніс түрі белгілі болды

Қызанақты күнделікті тамақ ішкенде пайдалану өмірді ұзартады деп жазады doctor.rambler.ru сайты.

Көрнекі фото:otomatah.ru

Ғалымдар көкөністерді зерттеп, қызанақты "ең пайдалы" көкөніс деп атады.

Қызанақтың құрамында адамның иммунды жүйесін нығайтатын көптеген минералды заттар, микроэлементтер мен дәрумендер, әсіресе А мен С дәрумендері көп.

Бұл көкеністегі заттар жасушалардың қартаюйын төмендетеді. Черри сұрпында бета-каротин мол екен, ол көзге пайдалы екен.

Сонымен қатар, ғалымдар көкөніс кептірілген күйінде ликопин атты антиоксиданттың жаңа жұлынған көкөністегіге қарағанда көп болатынын анықтаған.

Ликопин ағзаны қатерлі ісік жасушаларынан қорғап, өкпе, ұйқы безі, асқазан, ауыз қуысы, емшек бездеріне пайдалы екеніне көз жеткізген.

Өткізілген 26-дан астам зерттеу қуық түбі безінің қатерлі ісігінің пайда болуын азайтатынын анықтады.

Ғалымдар: "Дастархандарыңызда үнемі қызанақ болсын!", - деп кеңес береді.

Автор
Бауыржан