15 қаңтарда елдің солтүстігі мен шығысында аяз күшейіп, батыста жел екпіні артады, ал оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі. «Қазгидромет» қалалар бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.
Елордада көшпелі бұлт болып, жауын-шашын түспейді: жел 9-14 м/с, түнде -25…-27°C, күндіз -18…-20°C. Қарағандыда да аспан ашықтау, жауын-шашынсыз, бірақ жел 15-18 м/с-қа дейін күшейіп, түнде -22…-24°C, күндіз -16…-18°C болады. Көкшетауда қыстың қаһары қаттырақ сезіледі: түнде -33…-35°C, күндіз -20…-22°C. Павлодар мен Петропавлда да жауын-шашынсыз күн күтіліп, түнгі суық -33…-36°C-қа дейін төмендеп, күндіз -26…-30°C шамасында сақталады.
Шығыс өңірде де ауа райы қатал: Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с, түнде -31…-33°C, күндіз -23…-25°C. Семейде де ұқсас көрініс — жел 2-7 м/с, түнде -31…-33°C, күндіз -23…-25°C. Жезқазғанда жауын-шашынсыз, бірақ жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде -16°C, күндіз -8…-10°C күтіледі. Қостанайда түнде -28…-30°C-қа дейін суытып, күндіз -18…-20°C болады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы жұмсағырақ: Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C. Қонаевта да жауын-шашын күтілмейді, түнде -7…-9°C, күндіз 0…-2°C болады. Шымкентте жаңбыр жауып, жел 15-20 м/с-қа дейін үдейді: түнде +2…+4°C, күндіз +8…+10°C. Түркістанда да жаңбыр күтіліп, түнде +1…+3°C, күндіз +6…+8°C шамасында болады; ал Таразда қар аралас жаңбыр жауып, күндіз +1…+3°C-қа дейін жылынады.
Батыста желге сақ болған жөн: Ақтауда қар аралас жаңбыр жауып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C. Ақтөбеде жауын-шашынсыз болғанымен, жел 15-20 м/с, түнде -18…-20°C, күндіз -13…-15°C күтіледі. Атырауда бұлтты, қар жауады: жел 5-10 м/с, түнде және күндіз -4…-6°C. Оралда жауын-шашынсыз болғанымен, жел 15-20 м/с-қа дейін көтеріліп, тәулік бойы -13…-15°C сақталады.