KZNews.kz
Шоу-бизнес

Үшінші күдікті жүкті екен

KZNEWS

Бүгін Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Сот отырысында күдікті әйелдің аяғы ауыр екені белгілі болды.

Жанар Толыбаева 1995 жылы Өзбекстанда дүниеге келген. Бірақ Қазақстанның азаматтығын алған. Ол осыған дейін тұрмыста болған, 4 жастағы баласы бар. Бұрын сотталмаған. Бүгінгі таңда Толыбаеваның жүктілік мерзімі - 7 ай.

♦"Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін"

Ал Арман Құдайбергенов — Байқоңыр өңірінің тумасы.  11 сыныптық мектепті аяқтаған Арман Құдайбергенов бұрын сотталған. Сондай-ақ, Қиясов колледжді аяқтаған. Бұрын Нұралы сотталмаған.

Еске салсақ, бүгін сот отырысында жәбірленуші тарап Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Қамшы» сілтейді

KZNEWS
Автордың басқа материалдары