Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұшақта ешкім науқас адамның жанында отырғысы келмейді

Ұшақта ешкім науқас адамның жанында отырғысы келмейді

Бас санитар дәрігер ұшу барысында Covid-19 нәтижесін талап ету шарасы халықаралық тәжірибе негізінде қолға алынғанын және індеттің алдын алуға бағытталғанын айтты

АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңірлер арасында ұшатындар үшін коронавирусқа қарсы тест тапсыру талабын алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді.  

Есмағамбетова бұл шара халықаралық тәжірибе негізінде қолға алынғанын және індеттің алдын алуға бағытталғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер карантинді жеңілдетуге болатынын мәлімдеді 

"Ұшақты сөз еткенде оның жабық кеңістік екенін ескерген жөн. Бұл жаңа инфекция. Біз қандайда бір шешім қабылдамас бұрын халықаралық тәжірибелерді қараймыз. Ешкім науқас адамның жанында отырғысы келмейді. Біздің мақсатымыз – азаматтардың ұшу барысында инфекция жұқтыруына жол бермеу", - деді Есмағамбетова.

Алайда елдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, бас санитар дәрігердің бұл шешімі қайта қаралуы мүмкін.

"Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай, басқа өңірлер арасында рейстердің іске қосылуына байланысты бұл талаптарды қайта қарауымыз мүмкін. Барлығы қалыптасқан жағдайға байланысты. Біз қабылдаған шаралар инфекцияны жұқтырудың алдын алуға бағытталған", - деді ол.

Айта кетейік, 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы арасында әуе қатынасы қайта жанданды. 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге ұшақтар қатынайды.  

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жолаушылардың барлығы коронавирусқа тест тапсыруы тиіс және нәтижесі теріс болған жағдайда ғана ұшуға рұқсат беріледі.

Жолаушылар мен экипаж мүшелері медициналық бетперде мен қолғап киюі қажет. Сонымен қатар өзімен бірге антисептик алып жүруі тиіс.


sputniknews.kz
Автор
Данияр