Жаңалықтар

"Үш рет сахнаға шығардық": Мөлдір Мұқан Бақыт Тұрманға жауап берді (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Үш рет сахнаға шығардық": Мөлдір Мұқан Бақыт Тұрманға жауап берді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқан әнші Бақыт Тұрманның "Әзіл әлемі" сахнасына шығарылмай қалғаны жөніндегі әңгімелерге қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Бақыт Тұрман бұл сахнаға үш рет шығып, өнер көрсеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

Мөлдір Мұқанова бұл туралы "Тек қана қыздар" подкастына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, "Әзіл әлемі" сахнасының деңгейі әрдайым жоғары болуы керек және оған тек танымал әрі көрерменге белгілі өнерпаздар шығуы тиіс.

"Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Бибігүл Төлегенова сынды танымал әртістерді шақырғанда, әуежайдан қарсы алып, барлық жағдайын жасайтынмын. Тұрсынбекке әрдайым: "Сен биіксің, сенің "Әзіл әлемің" жоғары деңгейден түспеуі керек. Бұл сахнаға тек танымал адамдар шығуы тиіс" деп айттым", – деді ол.

Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова Бақыт Тұрманның «мені сахнаға шығармады» деген сөзіне де жауап берді. Айтуынша, әншіні өнер көрсетуге шақыру мәселесі бірнеше рет қаралған.

"Жаным ашып, Тұрсынбекке: "Осы сахнада бағы жанып, танымал болып кетсе, шықсын" дедім. Егер адам танымал болмаса, бағы жанбаса, оны не үшін шақыру керек? Бұл үшін бізге ренжудің қажеті жоқ. Баланың тірлігі сияқты. Мен оған жауап беріп, оның деңгейіне түскім келмейді", – деді Мөлдір Мұқанова.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz