Өзіміздің өндіріс шикізат шынжырын үзе ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ұрғашылар мен еркектер бөлек отырсын”: Тойда тілек айтқан үлкен кісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

“Ұрғашылар мен еркектер бөлек отырсын”: Тойда тілек айтқан үлкен кісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Әлеуметтік желілерде Жетісайдағы тойлардың бірінде айтылған пікірлер жазылған видео кеңінен тарағаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының көпшілік алдында айтқан сөздерінен діни және әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілері байқалған бейне анықталған.

«Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», – деп мәлімдеді ІІМ.

Ведомство Қазақстан Конституциясы әр азаматтың жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, діни көзқарасына және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан тең құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретінін еске салды.

Сондай-ақ министрлік адам қадір-қасиетін қорлауға, діни немесе әлеуметтік белгілері бойынша кемсітуге, қоғамдағы татулық пен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жария мәлімдемеге заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті.

«Сөз бостандығы заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды. Заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдеме құқықтық тұрғыдан жан-жақты қаралады», – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Жетісай қаласында өткен тойдың видеосы қызу талқыланған болатын. Бейнежазбада қалыңдықтың туысы музыкаға, өнер адамдарына және ерлер мен әйелдердің бір дастарқан басында отыруына қатысты өз пікірін айтқан.

Ол сөзінде тойларда музыканы алып тастау, ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызу қажет екенін айтып, әншілерге қатысты да сын пікір білдірген. Сондай-ақ өнер адамдарын шариғатта «шайтанның жаршылары» деп атайтынын мәлімдеген.

Бұл мәлімдемелер қоғамда әртүрлі пікір туғызып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен талқыланды.

Оқиғадан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да ресми мәлімдеме жасап, қоғамда өзара құрметті сақтау, араздыққа жол бермеу және адамдарды негізсіз айыптаудан аулақ болу қажеттігін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.