KZNews.kz
Жаңалықтар

ҰҚК: Жақсылық Омардың үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: ашық дереккөздерден

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған Жақсылық Омарға қатысты іс қозғалғанын жазған едік.

Елге тараған ақпаратқа облыс әкімдігінің баспасөз қызметі нақты жауап бермеген. Тек, мемлекеттік қызметшінің денсаулық жағдайына байланысты қысқа мерзімді демалыста екенін мәлімдеген болатын.

Ал бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты алып-қашпа сөзге түсінік беріп, лауазымды тұлғаның үстінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Іске қатысты өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Әзірге Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпаратты нақтылаған жоқ. Және оның қызметіне қатысты қандай да бір шешім қабылданғанын да растамай отыр.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте баста...
Автордың басқа материалдары →