Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жақсылық Омардың апелляциялық соты өтетін күн белгілі болды

Жақсылық Омардың апелляциялық соты өтетін күн белгілі болды
Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar

Алты жылға бас бостандығынан айырылған Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омардың апелляциялық соты өтетін күн белгіленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ірі мөлшердегі алаяқтық және ірі мөлшерде пара алу баптары бойынша кінәлі деп танылған Өскемен қаласының экс-әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омар қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкіміне апелляциялық шағым түсірген.

Сот құжаттарынан мәлім болғандай, апелляциялық сот отырысы 20 мамыр сағат 11:00-ге белгіленді. Жәбірленуші тарап пен қорғаушылардың апелляциялық шағымдары қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес келеді.

Еске салсақ, бұған дейін Жақсылық Омардың 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғаны хабарланған. Сондай-ақ оның мүлкі, яғни Toyota Camry автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 

Кейін Жақсылық Омардың рақымшылыққа ілінбейтіні хабарланды. Себебі қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған тұлғаларға рақымшылық актілері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормалары қолданылмайды. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.