KZNews.kz
Қоғам

ҰҚК шенділерде ақша бопсалаған оралдық блогерді ұстады

Torgyn Abushakhman

ҰҚК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті блогер Айболат Букеновті ұстады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Чиновник Telegram-арнасының мәліметінше Букенов пабликтер мен арналар желісіне иелік етеді. Ол билік өкілдеріне қатысты арандату мақсатынжа материалдар жариялап, шенділерден ақша бопсалаған. 

“Мәлім болғандай, аудандағы шенділердің бірінің ар-ұятына нұқсат келтіретін материал жариялаймын деп қорқытып, қомақты қаржы талап еткен. 16 маусымда күдікті ақшаны беру кезінде ұсталды. Ол кінәсін мойныдаған. “Бопсалау” бабымен іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары