KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Ұнамаса келме": Димаш Құдайбергеннің әкесі елордаға тіл тигізген ресейлік блогерге жауап берді

• Айбар

Танымал мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев бас қаланы жамандаған ресейлік блогерге ашуланды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Ресейлік блогер Илья Варламов Астана қаласының өте жайсыз екенін айтқан еді.

“Астана – нашар қала. Бұл қалада өмір сүру өте жайсыз. Урбанистика жағынан жағдайы мүшкіл. Серуендеуге де қолайсыз. Астананың көлеңкелі тұстары туралы көп жаздым. Маған ұнамайды. Астанаға тек шаруа бойынша ғана келемін", – деген еді ресейлік блогер.

Блогердің бұл сөзі Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаевтың шамына тиіп, қазақ тілінде пікір жазды.

“Сенің пікірің керек еді бізге. Астана – өте көркем, әсем қала. Ұнамаса келме. "Асын ішіп, аяғына түкіру" дейді мұндайды", – деп жазды Қанат Айтбаев.

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →