"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлытау облысындағы кеніште үйінді астында қалған жеті кеншінің денесі табылды

Ұлытау облысындағы кеніште үйінді астында қалған жеті кеншінің денесі табылды

Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің Жомарт кенінен үйінді астынан жеті қызметкерлердің де денесі табылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Соңғы табылған кеншінің жеке басы анықталып жатыр.

“Мерт болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды”, – деп мәлімдеді ТЖМ.

ТЖМ жедел штабының "жедел желісіне" 23 қоңырау келіп түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, "Қазақмыс" корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС трагедияның барлық мән-жайын анықтау үшін көмек көрсететінін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлытау облысындағы кеніште жеті жұмысшы үйінді астында қалғаны айтылған еді.

Автор
Данияр