Бүгін Жезқазған қаласы Талап ауылында қала күніне орай кірпіш өндіретін зауыттың ашылу салтанаты өтті. Зауытты Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы арнайы келіп ашып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.
Зауыттың салынуы 2022 жылы басталып, бүгінгі күні толығымен өнім шығаруға дайын. Зауыт 60 жұмыс орнын қамтиды және жоғарғы сапалы керамикалық кірпішті өзімізде шығаруға зор мүмкіндік береді. Зауытта жылына 20 млн. дана кірпіш өндіріледі деп күтілуде.

