Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлықпан Жолдасов қызының Төреғалимен ән айтуына тыйым салды

Ұлықпан Жолдасов қызының Төреғалимен ән айтуына тыйым салды

Атышулы Төреғали Төреәлі енді Фарида Жолдасбековамен де дуэт орындамайтын болды. "Қыдырып қайтайық" деген әнді орындайтын қос әнші енді бірге ән айтпайды. Бұл жайында көпшілікке Ұлықпан Жолдасов өзі мәлім етті.

Ұлықпан Жолдасов қызының неліктен Төреғалимен ән орындауына қарсы екенін ашып айтпады.

"Біз Төреғалимен бірге жүре алмаймыз. Олар да бізбен жүре алмайды. Ол ән сұраныста. Бірақ басқа адамдармен орындайтын шығар. Төреғали да "Аллоны" әртүрлі әншілермен орындап жүр ғой", - деді Жолдасов.

Айта кетейік, осыған дейін де Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның "Алло" әні үшін екі тарап арасында дау туындаған болатын. Төреғалидің әкесі Еркені танымал еткенін мәлімдеген еді.

Ұлы дала баласы Мөлдір Әуелбековамен де "Сен болмасаң" әнін орындаған. Алайда Қазақконцерттегі шараға қатыспаған Төреғалиға Алтынбек Қоразбаев ренжіп, Мөлдірдің онымен ән орындауына қарсылық білдірген.

Естеріңіз сала кетейік, Төреғали Төреәлі ұшақ бортында шу шығарып, халықаралық бағыттағы ұшақтың өз уақытынан 18 минутқа кешігуіне себепкер болған.

Сондай-ақ әнші биыл "Ұлы дала комедиясы" фильмін жарыққа шығарды.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары