Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлының қазасынан кейін Тамара Асар алғаш рет жазба жариялады

Ұлының қазасынан кейін Тамара Асар алғаш рет жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі оқырмандарына жан сырын бөлісіп, жүрегіндегі толғанысын ашық жеткізд, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі соңғы уақытта көпшіліктен алған қолдау мен жылы лебіздің өзіне ерекше күш бергенін атап өтті.

«Баршаңызға рахмет! Сіздердің әрбір жылы сөздеріңіз менің жаныммен тәнімді емдейді. Мен Жұмашты емдеймін. Сөйтіп демесіп, күйбің өмірдің үйірінің жүрісіне ілесіп кету үлкен сауап…» – деп жазды әнші.

Тамара Асар өнерге деген сағынышын да жасырмады. Ол сахнадағы ерекше эмоцияны, көрерменмен тікелей байланыс орнаған сәттерді жүрегі аңситынын айтты.

«Айғайлап ән айтқым келеді. Дуылдаған ыстық овацияны естігім келеді. Кеудеме қолымды қойып, көрерменіме басымды иіп, ұзаааааақ уақыт тізе бүгіп тұрғым келеді. Көрсетпеуге тырысып, тамаққа тығылған әлдебір аралас күйдің көз жасына булыққым келеді. Көрерменнен келген хош иісі бұрқыраған гүлдерді құшақтағым келеді. Сахнаның артында әр тесік пен есіктен сығалап соққан желдің өткірлігінен, жауырыннан сорғалап аққан терге тоңғым келеді…» – деп сезімін жеткізді ол.

Әншінің айтуынша, сахна – тек өнер алаңы ғана емес, өмірінің мәні мен жүрек тынысы. Сол себепті ол көрерменмен қайта қауышуды, өнерін одан әрі жалғастыруды үлкен сағынышпен күтіп жүр.

Жазба соңында Тамара Асар өмір мен махаббаттың үндестігін ерекше атап өтті:
«Махаббат ӨМІР – Жұма жібек», – деп түйіндеді өнер иесі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.