Жиында Төреғали Төреәлінің анасы келіні туралы шынайы ойын ашық айтты. Ол ұлының қасында жүрген келініне ризашылығын білдіріп, оларға шынайы бақыт, амандық пен татулық тіледі, деп хабарлайды kznews.kz.
“Ұлымнан бұрын келініме ризамын. Әрине, бұл жерде бірінші Төрешім тұр. Төрешімнің сүйген жары. Менің екі қызым болса, бұл үшінші қызым боп келді”, – деді анасы.
Ол балаларының отбасыдағы рөлі мен өзара сыйластығының маңызды екенін атап өтті. Анасының сөзінше, Төреғали мен келіні бір-біріне қарап қана қоймай, бірге бақытты болып, өмірді бөлісіп жатқанда, оның басқа ешқандай арманы жоқ.
Сонымен қатар, анасы Төреғали Төреәлі мен әйелі бір-бірін қолдап, жарқырап жүргенін көргенде жүрегі қуанышқа толатынын айтты. Ол келініне тек сүйіспеншілік пен құрмет көрсеткені үшін ғана емес, ұлының жанында тұрып, отбасы бірлігін нығайтып жатқаны үшін де алғысын білдірді.
Бұл сөздер жиында отырғандар үшін де ерекше әсерлі болды. Көрермендер мен журналистер ананың шынайы сезімі мен жылы тілегін ерекше атап, Төреғали мен келіні арасындағы татулық пен махаббаттың үлгі боларлық екенін жазып жатыр.