Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер әрі кәсіпкер Дина Төреәлі күйеуінің асқа аса мән беретінін айтып, әлеуметтік желіде оқырмандарына ой салған жазба жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz.
Оның сөзінше, үйде кешегі тамақты жылытып берген сәтте күйеуі күтпегендей реніш білдірген. Дина Төреәлі бұл жағдай бастапқыда көңіліне тигенін жасырмай, кейін отбасылық түсіністікке келгенін жеткізді.
"Сіздерде қалай екенін білмеймін, бірақ менің күйеуім тамаққа қатты мән береді. Кеше сөйтіп жүріп бәріміз бір сөз естіп қалдық. Кешегі тамақты жылытып берген едік. Неше адам жүріп тамақ жасай алмадыңдар ма деп сөйледі. Басында берген тамақты жей бермей ме екен деген реніш болды. Кейін күйеуім болған соң көндіктім. Тамақты желініп қалатындай күн сайын істеуге болады", - деді Дина Төреәлі.
Айта кетейік, Дина Төреәлі жуырда екі ұлдан кейін үшінші рет ана атанып, қыз баланы дүниеге әкелген болатын.