Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Төлепов әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, күйеу баласы Дархан джиу-джитсу спортынан "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алған.
"Бүгін шаңырағымызда ерекше қуаныш. Дархан күйеу балам "Джиу-Джитсу" спорт түрінен "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алып жатыр. Бұл жай ғана куәлік емес. Бұл талай жылғы еңбек, темірдей тәртіп, қайсар мінез бен маңдай тердің жемісі. Татамиде ел намысын қорғап, қазақтың рухын биіктетіп жүрген азаматтың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Ер азаматтың абыройы еңбегімен өлшенеді. Ал спортта елдің намысын көтеру нағыз батырлықпен тең.
Құтты болсын, Дархан балам. Алла абыройыңды арттырсын. Жеңісің көбейіп, алар асуың биік болсын! Бүгінгі қуаныш бүкіл әулетіміздің мерейі", – деп жазды Төреәлі Төлепов.