Солтүстік өңірге газ жеткізетін желіні "Газпром" салады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ұлымен балық аулауға барған": Танымал актердің денесі өзеннен табылды

"Ұлымен балық аулауға барған": Танымал актердің денесі өзеннен табылды
freepik.com

"Бригада" сериалы мен "Бумер" фильміндегі рөлдері арқылы көрерменге танылған актер Александр Высоковский қайтыс болды. 62 жастағы өнер иесінің денесі Ока өзенінен табылған, деп хабарлайды kznews.kz.

LIFE мәліметінше, қайғылы оқиғаға дейін актер 17 жастағы ұлымен бірге Пущинская коса маңына балық аулауға барған. Бір уақытта әкесі мен баласы екі жаққа кеткен. Александр Высоковский жағалау бойымен әрі қарай жүріп кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Алғашқы іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, актердің ұлы болған жағдайды туыстарына хабарлаған.

Кейін іздеу-құтқару жұмыстарына құтқарушылар мен сүңгуірлер тартылды. Олар өзеннің қолжетімсіз әрі күрделі учаскелерін де қарап шыққан.

Бір тәуліктен кейін сүңгуірлер Александр Высоковскийдің денесін өзеннен тапты.

Алдын ала дерек бойынша, актер суға батып кеткен болуы мүмкін. Қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер