Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлттық тестілеу орталығының үш қызметкері жауапқа тартылды

Ұлттық тестілеу орталығының үш қызметкері жауапқа тартылды
ҰҚК Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұғу деректерін жариялады.
«Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлігімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары — С, Ж және Н-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді. Олардың әрқайсысына 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды», — делінген хабарламада.
Сотталған азаматтар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары үшін тергелген.
Фото: ҰҚК
Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді.
Автор
Данияр