«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 18 жасқа толған қазақстандықтарға 31,6 млн доллардан астам қаржы аударылды. 2024 жылдың ақпанынан бері 205 505 өтініш орындалғанын БЖЗҚ-ға сілтеме жасап kznews.kz хабарлайды.
Қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған. Атап айтқанда, 127 445 өтінішб ойынша 19,69 млн доллар баспанаға жұмсалған. Оның ішінде көп бөлігі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі депозиттерді толықтыруға пайдаланылған. Сонымен қатар кейбір азаматтар ипотекаға бастапқы жарна төлеуге және сатып алынған үй үшін соңғы есеп айырысуға да қаржы бағыттаған.
Білім беру саласына да айтарлықтай қаржы жұмсалды. 78 060 өтініш бойынша 11,92 млн доллар оқу ақысына бөлінген. Оның ішінде қаражаттың негізгі бөлігі Қазақстандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алу үшін пайдаланылған, сондай-ақ бір бөлігі білім жинақ депозиттеріне және шетелдік оқу орындарының қызметіне төленген.
БЖЗҚ мәліметінше, азаматтар мақсатты жинақтарды толық немесе ішінара пайдалана алады. Жұмсалмаған қалдық жеке мақсатты шотта сақталып, кейін рұқсат етілген бағыттар бойынша қолдануға болады. 2025 жыл үшін есептелген инвестициялық табыс пен мақсатты аударымдар 2026 жылдың 1 ақпанына дейін қатысушылардың шотына түспек.