396 млн теңге пара, 12 жыл жаза: экс-әкім Кәрім Көкірекбаев түрмеде қалатын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлттық қауіпсіздік – ұдайы назарда

Ұлттық қауіпсіздік – ұдайы назарда

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды.

– Қазақстанға әсер ететін сыртқы фактор­лардың бар екенін бәріміз білеміз. Солардың ішінде Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетірес, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісі, Сириядағы ахуал және басқа да жағдайлар бар. Осыған байланысты бізге мәселелерді талқылап, тиісті шаралар қабылдау қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау барысында Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев Қарулы Күштердің биылғы оқу жылындағы әскери дайындығының және өткізілген оқу-жаттығулардың негізгі қорытындылары, сондай-ақ әскердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөнінде қабылданып жатқан шара­лардың нәтижелері туралы баяндама жасады.
Жиын барысында қор­ғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғырту және қорғаныс өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісін игеру жөніндегі ұсыныстар қарас­тырылды.
Басқосу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Автор
Арман