KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының экс-басшысы сотталды

Данияр

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Білім саласында жұмыс істеген бұрынғы шенеунік 5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

© Sputnik / Владислав Воднев

Сот Рамазан Әлімқұловты 5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды

Сот Рамазан Әлімқұловты 5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Ол қонақүй қызметі бойынша келісім шартты бұзбаған, атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, "қамқорлық" жасап отырған.

"2019 жылдың 22 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рамазан Әлімқұловты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 3,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Сонымен қатар бұрынғы шенеунік мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


sputniknews.kz
Данияр
Автордың басқа материалдары