«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлттық банк базалық ставканы өсірді

Ұлттық банк базалық ставканы өсірді

Экономика

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Банк төрағасы ұлттық банк әлемдік экономикадағы және халықаралық нарықтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылап, қосымша шаралар қабылдауға дайын екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк 10 наурыздан бастап базалық ставканы 12%-ке дейін өсірді. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Досаев сыртқы сектордың қатерінен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар теңгенің айырбас бағамын қорғау қажеттігін атап өтті.

"Сол себепті ұлттық банк өз мандаты аясында кезектен тыс отырыста 10 наурыздан бастап +/- 1,5 проценттік пункт дәлізімен базалық ставканы 12%-ке дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Базалық ставканы арттыру макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға, сыртқы нарықтың ішкі баға мен долларландыру деңгейіне теріс әсерінің алдын алуға мүмкіндік береді", - деді ол үкімет отырысында.

Ол энергия тасымалдаушыларының әлемдік нарықтағы баға соғысы мен коронавирус әлемдік экономикаға теріс ықпал етіп отырғанын атап өтті.

"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы егер теріс ықпал ұзаққа созылып кетсе, 2020 жылы әлемдік ЖІӨ өсімінің  қарқыны  1,5% дейін төмендейді деп болжап отыр. Бұл жағдайда қазақстандық экспортқа сұраныстың төмендеу тәуекелі артады. Бұл теңгенің айырбас бағамы мен инфляцияның жеделдеуіне әсер етуі мүмкін", деді Досаев.

Тағы оқыңыз: Үкімет пен Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Ұлттық банк әлемдік экономикадағы және халықаралық нарықтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылауда және қажет болған жағдайда Қазақстанның қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын, деп түйіндеді банк төрағасы.


sputniknews.kz
Автор
Данияр