Банкноттың бет жағы
Банкноттың бет жағындағы негізгі бейнелер: ҚР Мемлекеттік рәміздері, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, «Қазақ Елі» монументі, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Киіз үйді» безендіру желісі бойынша «Басқұр».Банкноттың сыртқы жағы
Банкноттың сыртқы бетіндегі негізгі бейнелер: ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан қаласының және Ақорда Президент резиденциясының панорамалық көрінісі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған логотип бейнесі.