KZNEWS.KZ
Қаржы

"Ұлттық қор – балаларға": жинақ ақша қайда жұмсалып жатыр?

Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректерінде айтылып отыр.

Жалпы, биылдың өзінде 170 мыңнан астам азамат 44,84 млн доллар алған. Қаражаттың басым бөлігі тұрғын үйге бағытталған көрінеді, яғни, баспана бойынша 119 279 адамға 31 млн доллардан астам төлем төленген. Ал 50 877 азамат білім алуға 13,83 млн доллар жинақ жұмсаған.

Зерттеу төлем алушылардың арасында ең көп таңдалған бағыт ретінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі депозитті толықтыру болғанын көрсеткен. Бұл мақсатқа 117 712 адам 30,51 млн доллар қаржы аударған екен. Яғни, бұл цифрлар жастардың тиесілі ақшаны көбіне ұзақ мерзімді мақсатқа, оның ішінде баспана мен білімге жұмсап жатқанын көрсетеді. Демек , бағдарламадағы қаражат күнделікті тұтынудан гөрі, отбасының ірі шығынын жабуға бағытталып отыр деген сөз. Дегенмен, баланың Ұлттық қордан алатын қаражаты әзірге баспана мәселесін толық шешетін сома емес, көбіне бастапқы жинаққа қосылатын қаржы ретінде ғана пайдаланылып отырғанын ескеру керек.

Айтпақшы, БЖЗҚ мәліметінше бағдарлама бойынша алынбай қалған ақшаның сақталуына кепілдік беріледі екен. Ол қаржы арнайы шотта 10 жыл бойы сақталады. Осы уақыт ішінде пайдаланылмаса, қаражат алушының жеке зейнетақы шотына аударылады.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →