Жасөспірімдердің жағдайы: қылмыс азайып, буллинг көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлттық қордан 7 миллион қазақстандық балаларға 2,5 миллиард доллар аударылды

Ұлттық қордан 7 миллион қазақстандық балаларға 2,5 миллиард доллар аударылды
Фото: ulysmedia.kz

Президенттің айтуынша, 2019 жылдан бері ел экономикасы шамамен 30 пайызға өсіп, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 15 мың доллардан асқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған жиында Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсімі мен әлеуметтік саладағы нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллион баланың есепшотына 2,5 миллиард доллар аударылған. Былтыр 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындаған.

Тоқаев Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйеніп, Қазақстанның өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші бойынша аймақта көш бастап тұрғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы ұлттық экономиканың әлеуетін арттыру маңызды міндеттердің бірі екенін де айтты. Оның сөзінше, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 350 миллиард долларға жақындап, ТМД елдері арасында екінші орынға шыққан.

Сонымен қатар шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жеткен. Президент кәсіпкерлердің отандық өндірісті ұлғайтып, жаңа іскерлік мәдениетті қалыптастырып жатқанын атап өтті. Қазір бұл салада еңбекке жарамды азаматтардың жартысына жуығы жұмыс істейді.

Тоқаевтың пікірінше, елде жүргізіліп жатқан реформалар экономикалық дамуға серпін беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.