Жолдардан саябақтарға дейін: қазақстандықтар өзгерістерді көріп, инфрақұрылымның одан әрі дамуын күтеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлдана Мырзуан ісі: тағы бір жәбірленуші мүгедек боп қалды

Ұлдана Мырзуан ісі: тағы бір жәбірленуші мүгедек боп қалды
Фото: ашық дереккөз

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотта тағы бір жәбірленуші Айнұр Нұрпейісованың алған ауыр жарақаты жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот отырысында Нұрпейісованың медициналық сараптама қорытындысын адвокат Жадыра Құрымбаева оқып берді. Құжатта жәбірленушінің бас сүйегінің маңдай және оң жақ самай сүйектері сынғаны, сүйек бөліктерінің ішке қарай кіргені көрсетілген.

Адвокаттың айтуынша, жарақат салдарынан Нұрпейісованың оң жақ есту жүйкесі зақымдалып, есту қабілеті толық жоғалған. Сурдологтардың қорытындысында оған жарақаттан кейінгі IV дәрежелі сенсоневралды кереңдік диагнозы қойылған.

Қорғаушы бұл жағдайдың ем немесе ота арқылы қалпына келмейтінін атап өтті. Болашақта жәбірленушіге есту аппараты қажет болуы мүмкін.

Осыған байланысты адвокат соттан Нұрпейісованы емдеген дәрігер мен нейрохирургті шақырып, жауап алуды сұрады. Оның пікірінше, мамандардың түсініктемесі алған жарақат пен кейінгі есту қабілетінің жоғалуы арасындағы байланысты нақтылауға мүмкіндік береді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.