"Олардікі сандырақ..." Путин Ресейдегі жаңа мобилизация туралы ақпаратты жоққа шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Үй қирап қалуы да мүмкін»: Ұлдана Мырзуан ісінде куәгер жаға ұстатарлық жағдаймен бөлісті

«Үй қирап қалуы да мүмкін»: Ұлдана Мырзуан ісінде куәгер жаға ұстатарлық жағдаймен бөлісті
Фото: ЖИ

Астанада Тәуелсіздік 24Б мекенжайындағы тұрғын үйдің фасад плитасы фельдшер Ұлдана Мырзуанның үстіне құлап, оның қаза болуына қатысты сотта куәгерден жауап алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сотта тоғызыншы қабат тұрғыны Валерия Самсонова ғимарат қабырғаларындағы жарықтардың ұлғайып жатқанын айтып, тұрғындар үйдің құлауынан қауіптенетінін жеткізді. Оның сөзінше, шатырдан су ағу мәселесі 2014 жылдан бері болған.

Куәгердің айтуынша, жағдай 2025 жылғы 8 қарашада фасадтың бір бөлігі құлағаннан кейін күрделене түскен. Кейін әкімдік ғимаратты бекіту жұмыстарын жүргізгенімен, соңғы уақытта қабырғалардан қайта жарықтар пайда болған.

«Қазір біз алда не болатынынан қорқамыз. Жарықтар тоғызыншы қабаттан жетінші қабатқа дейін жетті. Үйдің жанында балалар алаңы бар. Кірпіштер құласа, балалар қаза табуы мүмкін», – деді Самсонова.

Оның сөзінше, мамандар қабырғалардағы өзгерістерді бақылау үшін арнайы маяктар орнатқан. Алайда техникалық қабаттағы деформация салдарынан олардың кейбірі жыртылып кеткен.

Куәгердің айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін жүргізілген сараптама үйдің апатты жағдайға жақын екенін көрсеткен. Ғимаратқа төртінші санат беріліп, қабырғалардың құрылысы кезінде бірқатар талап сақталмағаны анықталған.

Самсонова тұрғындардың жаңа сараптама жүргізуге және ғимаратты жөндеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.