ка

Украинамен келісімшарт бұзылды. Дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма?

06.04.2022 15:46
0
6
Қазақстан мемлекеті міндеттемелерін орындамаған украиналық дәрі-дәрмек жеткізушілерімен келісім-шартты бұзады, - деп хабарлайды Kznews.kz сайты. Қазірдің өзінде жеткізілмеген дәрі-дәрмек көлеміне тендер өткізіліп жатыр. Бұл туралы 6 сәуірде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті. Оның айтуынша, 2022 жылы жарияланған дәрі-дәрмек көлемінің 50 пайызы «СК-Фармация» ЖШС қоймалары мен тораптарына жеткізілді, бұл маусым айының соңына дейін пациенттердің дәрі-дәрмекке деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
«Украинаға келетін болсақ, жалпы көлемнің 1,6%-ы немесе дәрі-дәрмектің 25 түрі осы елден жеткізілді. Жыл басында Украинаның жеткізушілері осы есеппен 40%-дан 70%-ға дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Бүгінде зауыттар жабылып, біржақты тәртіпте келісім-шарттарды бұзып, қалған препараттарға тендер өткізіп жатырмыз. 1 шілдеге дейін нәтижесі белгіленіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз», - деді Гиният.
Депутат Зарина Камасова министрден украиналық дәрі жеткізушілердің Қазақстан алдындағы міндеттемелері қалай орындалатынын сұрады.
«Бізге өмірі мен денсаулығы үздіксіз дәрі-дәрмекпен байланысты азаматтар жиі көмекке жүгінеді. Науқастар мен медицина қызметкерлерінің алаңдауы, ең алдымен, қазіргі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдаймен байланысты. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі Украинадан дәрі-дәрмек жеткізуде қиындықтарға тап болды», - деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ауруханалар дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды шекті бағамен сатып алады. (Фото sputnik.kz сайтынан алынды)
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий