«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украинадағы диаспора қазақстандықтарға видео түсірді

Украинадағы диаспора қазақстандықтарға видео түсірді

Украинадағы қазақ диаспорасы Жамбыл Жабаев ескерткіші алдында видео түсіріп, Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қазақстанның Украинадағы елшілігіне сілтеме жасап.

"Бүгін, 30 тамызда Қазақстанда Конституция күні атап өтіліп жатыр. Осыған орай, Украинадағы қиын жағдайға қарамастан, Киевтегі қазақ диаспорасы "Нивки" саябағында орналасқан қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткіші жанына жиналып, Қазақстан халқына арнайы құттықтау жолдады!" - делінген елшілік хабарламасында.

Еске салайық, қазақстандықтар бүгін Конституция күнін атап өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мереке ерекше саяси мәнге ие болып отырғанын, өйткені жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтар елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды мақұлдағанын атап өтті.

Автор
Данияр