Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украина соты коммунистік және нацистік режимдерді теңестірді

Украина соты коммунистік және нацистік режимдерді теңестірді

Украинаның конституциялық соты декоммунизация туралы заңның ел Конституциясына қайшы келмейтіні жайлы шешім шығарды. Сот шешімі 16 шілдеде жарияланды.

Онда коммунистік және нацистік режимдердің бірдей деңгейде адамдарды қуғындап, адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны жазылған.

"Коммунистік және нацистік режимдердің қылмыстық негізі бір болды, ал оның мемлекеттік репрессивті саясатты жүзеге асыру жолдары ұқсас" делінген құжатта.

Құжатта нацистік және коммунистік режимдерді сынап, олардың символикасын пайдалануға заңмен тыйым салудың мақсаты "тоталитарлық кезеңнің оралуына жол бермеу" екені айтылған.

Украинада 2015 жылдан бері коммунизм белгілерінен арылу (декоммунизация) туралы заң аясында мыңға тарта қала, кент пен елді мекен атаулары өзгертілді, Ленин мен басқа да коммунистік қайраткерлердің екі мыңға жуық ескерткіші сүрілді.


Azattyq
Автор
Әлихан