Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Украина Иранда құлаған ұшақ ісін "қасақана кісі өлтіру" бабымен тексереді

Украина Иранда құлаған ұшақ ісін "қасақана кісі өлтіру" бабымен тексереді

Украина қауіпсіздік қызметі Иранда құлаған ұшақты қылмыстық істің үш бабы бойынша тексереді. Біріншісі - "қасақана кісі өлтіру", екіншісі - "қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережесін бұзу", үшіншісі – "мүлікті қасақана жою" баптары.

Украина авиакомпаниясының "Боинг-737" ұшағы 8 қаңтарда Тегеран әуежайынан көтеріле бере құлап, борттағы 176 адам қаза болған. Иран билігі Иранның әуе қорғанысы жүйесі қателікпен атып түсіргенін мойындаған. Ұшақ құлардан бірер сағат бұрын Иран Ирактағы АҚШ әскери базасын зымыранмен атқылаған еді.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, ұшақтың құлауына Иран қарулы күштерінің қателігі мен әуе қорғанысы жүйесінің техникалық кемістігі себеп болған.


Azattyq
Автор
Еркебұлан