KZNEWS.KZ
Қоғам

ҰҚК 45 жастағы шетел азаматын іздестіріп жатыр

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетел азаматы Уильямс Коулге (Williams Cole) іздеу  жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, іздестіру ісі 21 қарашада Түркістан облысында тіркелген.

45 жасқа толған ер адамды Сарыағаш аудандық полиция бөлімі іздестіріп жатыр. Ал іздестіруді бастаған орган – Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Әзірге Уильямс Коулдың қай елдің азаматы екені, қандай себеппен іздеуге жарияланғаны және оған қатысты өзге де мәліметтер айтылмаған. 

Айта кетейік, бұған дейін Теміртау маңынан екі айдан бері іздеуде болған әйелдің бөлшектелген мәйіті табылғаны туралы жазған едік. Әйелдің өліміне онымен бірге тұрған азамат күдікке ілінуде.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →