Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үкімет Тоқаевтың сөзінен кейін ақшаны үнемдеудің жолын тапты

Үкімет Тоқаевтың сөзінен кейін ақшаны үнемдеудің жолын тапты

Президент қымбат көліктер сатып алуға және түрлі форумдар өткізуге ұзақ мерзімді мораторий жариялауды ұсынған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлік конференциясы мен Астана экономикалық форумын бірге өткізуді жоспарлап отыр. Осылайша ел билігі форумға бөлінетін ақшаны үнемдеп қалмақ. Бұл туралы бүгін бірінші вице-премьер, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз биыл ДСҰ министрлік форумын өткіземіз. Бұл халықаралық форум, оған министрлер деңгейінде 200-ге тарта ел қатысады. Біз осы шара аясында Астана экономикалық форумын да өткізуге бел байладық. Осылайша, қаражатты үнемдейміз", - деді Смайылов мәжіліс кулуарында.

Астана экономикалық форумы - жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы. Форум әлемдік көшбасшылардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басын қосады.

Форумдар мен конференцияларға мораторий жарияланды

Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көліктер сатып алуға және түрлі форумдар өткізуге ұзақ мерзімді мораторий жариялауды ұсынған болатын.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қымбат көліктерге мораторий жариялауды ұсынды

Президент шаралар нақты тәжірибелік және идеологиялық пайда әкелуі тиіс екенін атап өтті. Ысырапшылдыққа жол бермеу керек екенін айтты.


sputniknews.kz
Автор
Данияр