Астанада қызмет барысында мерт болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет пен оның анасы сұхбат берді, деп хабарлайды kznews.kz MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.
Журналисттің Ұлдана Мырзуанның жылдық асы қалай өтілетінін сұрады.
«Қарашаның 18-і тура бір жыл толады. Ал астың қалай өтілетіні туралы сұрасаңыз мен былай деп жауап берер едім. Менің қазіргі жұбайым Жұлдыз әуелбастан кімге тұрмысқа шығып жатқанын білді. Қазіргі жағдайды түсініп отыр. Және мені толықтай қолдап отыр. Осы уақытқа дейін айтқанымыздай ен жақындырымызбен асты өткіземіз. Құран оқытып, дұға жасаймыз», - деді Әділет Зейнел.
Марқұм фельдшердің бұрынғы енесі де ойын бөлісті.
«БІз барлығыз өткіземіз, алайда Ұлдананың туыстары қатыспайтын шығар. Ол менің есімнен еш шыққан емес. Міне тоғыз ай өтсе де менің ойымнан кетпейді. Бұл үлкен қайғы тек менің емес бүкіл елдің. Қазір Әділетті әлеуметтік желіде актер қылып көрсетіп, оны жек көргендер қатары көбейіп кетті. Бірақ айтатыны Ұлданаға деген медальді Әділеттің арқасында берген. Себебі бірінші сәттен бастап оқиғада кінәлі болып табылған Ұлдана еді. Яғни ол ТЖҚ қызметкерлерін күтпегені үшін. Бұл Әділетті қатты ашуландырды. Кейін ол жүгіріп жүріп, осы жағдайға жеткізді. Сондықтан да ол жәбірленуші тараптан да бас тартпай отырғаны содан. Ұлдананың нағыз ерлігін дәлелдеу үшін ол соңына дейін барады.