"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ухань ауруханаларында коронавирусқа шалдыққан науқас қалмады - Қазақстан жаңалықтары

Ухань ауруханаларында коронавирусқа шалдыққан науқас қалмады - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирустың ошағына айналған Қытайдың Ухань қаласындағы ауруханаларда індетке шалдығып, әлі емделіп жатқан науқас қалмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы  Қытайдың денсаулық сақтау ісі бойынша мемлекеттік комитеттің өкілі Ми Фэн мәлімдеді. 

Сөзінше, уханьдық дәрігерлер мен оларға көмектесіп жатқан басқа қалалардың медициналық қызметкерлерінің арқасында сырқаттанған азаматтарды тұтастай емдеп шығу мүмкін болған. 

COVID-19 коронавирусы тудырған ауру ең алғаш 2019 жылы желтоқсанда Уханьда тіркелген. 23 қаңтардан бастап қала карантинге жабылған. Қалаға кіру мен шығуға толығымен тыйым салынып, әуе, пойыз қатынастарын қосқанда барлық транспорттың қозғалысы тоқтатылыпты. 

Еске салайық, бүгінгі күні әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 3 миллионға таяғаны туралы айтылған болатын. Қазақстанда 2717 адам індетке шалдыққан. 


stan.kz
Автор
Данияр