Рио-де-Жанейро қаласында әдемі қызды тонамақ болған ер адам соққыға жығылып, полиция шақыртуды сұрап, жалынған. Ол тонамақ болған бойжеткен UFC күрескері болып шыққан. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Полиана Виана такси күтіп тұрған. Ер адам қасына келіп уақыт сұраған.
"Оны көріп тұрғанымды байқаған соң қасыма келіп отырды. Сағат неше екенін сұрады, мен жауап бердім. Бірақ оның кететін түрі жоқ болды. Маған "қарсыласпай, телефоныңды бер" деп айтты", - деді Полианна.Қылмыскер қызды тапаншамен қорқытқан. Кейін оның қатты қағаздан жасалғаны анықталды.
Ер адам бұрын да сотты болып, жақында ғана бостандыққа шыққаны белгілі болды. Кімге қоқан-лоққы көрсетпек болғанын түсінген кезде, Полианнаға полиция шақыртуды сұрап жалынған.
Фото:MSN
Фото:MSN