Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ТЖД: Қоймадағы өрт сөндірілді

ТЖД: Қоймадағы өрт сөндірілді

Алматы қаласы Жетісу ауданындағы бояу өнімдері қоймасынан 18 шілдеде таңертең шыққан өрт жеті сағаттан соң сөндірілді.

"Сағат 14.49-та өрт сөндірілді" деді түстен кейін Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова. Ол өрттен ешкімнің зардап шекпегенін айтты.

Алдын ала ақпарат бойынша қоймада шамамен 200 тонна бояу өнімдерінің болуы өртті сөндіруді қиындатқан. Өрт сөндірушілерге тікұшақтар көмектескен.

Өртенген аумақтың көлемі шамамен 450 шаршы метрді құрайды.

Төтенше жағдай департаментінің дерегі бойынша, қаладағы Омаров 12в/1 мекен-жайынжайында орналасқан нысан өртенген. Ашық дереккөздеріне сәйкес, мұнда бояу өнімдерін (арасында мұнай-газ саласында қолданылатын бояу түрлері де бар) шығаратын жеке компания орналасқан.


Azattyq
Автор
Әлихан