«Шай в большом городе» фильмі кеше Мөлдір Мұқанның продюсерлігімен жабық көрсетілімін өткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Тұрсынбек Қабатовтың экс-жары бұл жобадан кейін кино саласына белсенді түрде оралғысы келетінін айтып, болашақта ажырасу тақырыбында фильм түсіру жоспарын бөлісті.
«Залға кіруге шынымен қатты қорықтым. Тығылып отырып көрдім. Бұл – алғашқы фильм, сондықтан кемшіліктер болуы мүмкін. Бірақ жақсы тәжірибе жинадық. Келесі киноға идея өте көп. Тағы да бірге түсетін боламыз. Бұл жолы тек жеңіл түрде, шет жағасын ғана көрсеттік. Енді келесі фильмде мәселені турасынан қозғаймыз. Қоғамдағы өте өткір тақырыпты аламыз. Сценарий жазылып жатыр. Айтайын ба тақырыпты? Айтпай-ақ қояйын ба?.. Жалпы, еліміздегі соңғы статистикаға қарасақ, ажырасу көбейген. Сол себепті ажырасу туралы кино түсіргім келіп жүр. Егер сол фильм ең болмаса 10% отбасына оң әсер етсе, бұл – үлкен жетістік», – деді Мөлдір Мұқан журналист Ирина Тенге берген сұхбатында.