Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты: бір отбасының бес баласы қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“20 жыл өмір сүрдік”: Жанар Айжанова алғаш рет не себепті екінші жолдасымен ажырасқанын айтты

“20 жыл өмір сүрдік”: Жанар Айжанова алғаш рет не себепті екінші жолдасымен ажырасқанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Жанар Айжанова жұбайынан айырылғаннан кейін екінші рет тұрмыс құрғанын және бұл некесі 20 жылдан соң аяқталғанын алғаш рет ашық айтты. Бұл туралы өнер иесі “Momsкий әңгіме” YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, алғашқы жары өмірден өткеннен кейін қайтадан отбасы құрып, балалы болуды армандаған. Ол қызы жалғыз өспесе екен деген ниетпен тағы бір сәби сүйгісі келгенін жасырмады.

– Негізі, ізін суытпай тұрмысқа шыққан дұрыс екен. Айжұлдыз Адайбековадан кейін қыз болсын, ұл болсын, жалғыз болмаса екен деп көп үміттендім. Бірақ бұйырмаған нәрсеге өкпелей алмайсың, – деді әнші.

Сұхбат барысында Жанар Айжанова екінші күйеуімен ажырасуына не себеп болғанын да айтты. Оның сөзінше, некеде ортақ баланың болмауы екеуінің айырылысу туралы шешім қабылдауына әсер еткен.

– Екінші некеде 20 жыл бірге өмір сүрдік. Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін екі жаққа кетуді жөн көрдік. Арамызда ортақ перзент болған жоқ. Айжұлдыз – оның туған қызы емес. Бала болмаса, қоғам көбіне әйелді кінәлайды. Сондықтан ешкімнің обалына қалмайын деп, осы шешімді қабылдадық. Қазір де оның өз баласы болғанын шын жүректен тілеймін, – деді өнер иесі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.