Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы туралы әлеуметтік желіде тосын хабар тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
Threads желісінде Сымбат есімді қолданушы "Мөлдірдің қызы тоқал туралы жазбаны репост жасапты" деп жазба жариялады. Кейіннен оның Tiktok парақшасына кіріп, осы хабарды арнайы скриншотқа түсіріп алған.
Еске сала кетейік, белгілі продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында алғаш рет Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасып кеткенін айтқан еді. Мөлдірдің айтуынша, некенің бұзылуына дейін олардың қарым-қатынасында ауыр кезеңдер болған.