Әлеуметтік желілерде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі делінген жас әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
Роликте ұлттық киім киген келіншек өзін Қабатовтың «Айманы» деп таныстырып, видео қысқа уақыт ішінде үлкен қаралым жинаған.
Видео жариялана салысымен желіде қызу талқылау туындап, пікірлердің басым бөлігі эмоциялық және дөрекі сипатта болды. Пікір қалдырушылардың кейбірі:
«Айманы емес, сайманы десеңші»,
«Мөлдірден қалған Тұрсынбегің деген дұрысырақ»,
«Қарабет»,
«Мынау боянып шыққан түрің бе сонда?»
деп жазып, келемеж бен ауыр сын айтқан.
Алайда видеодағы әйелдің шынымен Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары екеніне қатысты нақты дәлел жоқ. Бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.