SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды: борттан ақау табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Тұрсынбекке тигізіп айтты”: Роза Рымбаеваның Мейрамбекке айтқан тілегі қызу талқыға түсті

“Тұрсынбекке тигізіп айтты”: Роза Рымбаеваның Мейрамбекке айтқан тілегі қызу талқыға түсті

Өнер иесі Мейрамбек Бесбаевтың 50 жас мерейтойында сөз сөйлеп, сахнада жүрген азаматтардың отбасылық өміріне тоқталды. Оның пікірінше, өнер адамдары гастрольдік сапарларда жүргенде бала тәрбиесі мен үй шаруасының бар ауыртпалығын көбіне жұбайлары көтереді. Сондықтан ер азаматтар жарының еңбегін бағалап, қолдауын ұмытпауы керек.

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі ер азаматтарға үндеу жасап, олардың сахнадағы жетістігінің артында жұбайларының ерен еңбегі мен қолдауы тұрғанын айтты. Әнші бұл ретте Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық табысына да жарының қосқан үлесі зор екенін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Жігіттер, сіздерге айтарым бар. Мейрамбек сияқты барлық өнер жұлдызы отыр. Сіздердің осылай еркелеп, халықтың алдында жұлдыз болып жүргендеріңіздің артында жұбайларыңыз тұр. Сіздер алысқа кеткенде балаларыңызды күні-түні жалғыз бағып, үйге келгенде тамағын дайындап, айлап күтіп отыратын осы жан-жарларыңыз ғой», – деді Роза Рымбаева.

Сондай-ақ әнші Мейрамбек Бесбаевтың отбасындағы береке мен жарының қолдауына ерекше тоқталды.

«Қосағыңмен қоса ағар дейді. Мейрамбектің осындай жұлдыз болып жүргені осы жұбайының арқасы деп ойлаймын. Отбасылық бақыттың өмірде үлесі көп», – деп атап өтті ол.

Роза Рымбаеваның бұл сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында түрлі болжам туғызды. Кейбірі әншінің пікірін әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасылық жағдайымен байланыстырып, оның жұбайы Айман Талғатқызына қатысты тұспал болуы мүмкін екенін жазды.

«Мейрамбек, саған айтам. Тұрсынбек, сен тыңда», «Мына тілекті тыңдағанда Тұрсынбек пен Айман не ойлады екен?», «Тұрсынбекке тиіп кеткен шығар», «Легенда апамыз дұрыс айтты», «Роза апай әдейі айтты. Мөлдірмен бірнеше жобада бірге жүр. Тұрсынбектің бетіне басу үшін айтты», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Айта кетейік, мерейтойлық кешке Тұрсынбек Қабатов та жұбайы Айман Талғатқызымен бірге қатысқан. Ал Роза Рымбаеваның сөзінің нақты кімге бағытталғаны жөнінде қосымша түсініктеме берілген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.