Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сәкен Майғазиевтің Тұрсынбек пен Мөлдірге айтқан тілегі қызу талқыға түсті

Сәкен Майғазиевтің Тұрсынбек пен Мөлдірге айтқан тілегі қызу талқыға түсті
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Сәкен Майғазиевтің тележүргізуші Мөлдір Мұқанның отбасылық мерекесінде айтқан тілегі әлеуметтік желіде екіұдай пікір туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жуырда Мөлдір Мұқан отбасының үш бірдей қуанышын қатар атап өткен болатын. Салтанатты кеште сөз алған Сәкен Майғазиев балаларға ақ тілегін арнап:

«Тұрсынбек пен Мөлдірдің кішкентай құлыншақтары сенімдерін ақтай берсін», – деді.

Алайда осы сөзден кейін әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі әншіні сынға алды. Олар Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның ажырасқанын еске салып, мұндай жағдайда бұрынғы жұбайының есімін атаудың орынсыз болғанын жазды.

Пікір білдірушілердің бірі:

«Сәкен мырза, Тұрсынбекті екінші отбасына барған кезде құттықтайсыз. Бұл – Мөлдірдің шаңырағы», – деп жазса,

тағы бір желі қолданушысы:

«Тұрсынбектің өзі де жоқ қой. Ондай адамды айтып қыстырудың не қажеті бар?» – деген пікір қалдырған.

Сонымен қатар, көптеген оқырман әншіні жақтап шықты. Олардың пікірінше, Сәкен Майғазиев ешқандай астарлы ой айтпаған, тек балаларға ақжарма тілегін білдірген. Осылайша, қарапайым құттықтау әлеуметтік желіде түрлі көзқарас тудырып, қызу талқыға айналды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.