Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тұрсынбек Қабатовтың парақшасындағы суреттер желіде әңгіме болды

Тұрсынбек Қабатовтың парақшасындағы суреттер желіде әңгіме болды
ашық дереккөзден

Қоғам назарында жүрген әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жолы көпшіліктің назарын әзілкештің бірінші әйелі Мөлдір Мұқановамен бірге түскен суреттерін Instagram парақшасына қайта жариялауы аударған. Осыдан кейін желі қолданушылары Қабатовтың жеке өміріне қатысты түрлі болжам айта бастады.

"Тұрсынбек Мөлдірмен түскен фотоларын Instagram-ға шығарып қойыпты. Қуанып тұрмын. Не болды екен?" – деп жазды Threads қолданушысы.

Осы жазбадан кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Бірі мұны жақсы белгіге балап, Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірсе, енді бірі отбасы, балалар және жеке өмір тақырыбында ойларын жазған.

Пікір білдірушілер арасында "Ат айналып қазығын табады", "Адасқанның айыбы жоқ", "Ешқашан біреудің отбасын бұзбаңыздар" деген пікірлер де кездеседі.

Әзірге Тұрсынбек Қабатовтың өзі бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер