«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бірдеңе білу үшін келіп отыр": Тұрсынбек Қабатов көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

"Бірдеңе білу үшін келіп отыр": Тұрсынбек Қабатов көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жеке концертінде отбасына қатысты шындықтың шетін шығарып, көрерменді күлдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі мен жарының ажырасып кеткенін тыңдарман қауым жариялап тастаған еді. 

“Негізі концерт көруге келіп отырсыздар ма?! Бірдеңе білу үшін бе? Бірдеңе білгілеріңіз келіп отырған секілді. Жүздеріңізге қарасам, бірдеңе айтайын деп тұрған секілді көрініп тұр. Баяғыда "тыныш, балалар отыр" деп айтатын еді ғой. Залда қыздарым отыр. Сосын асықпай айтып беремін", – деді Қабатов.

Сол кеште әзілкештің балалары сахнаға көтеріліп, әкелерін құттықтады. 

“Тұрсынбек Қабатовтың концерті өте жоғары деңгейде өтті. Ең әсерлі тұсы бірінші некесінен туған балаларымен бірге қыздарының сахнаға шығып, әкесіне гүл беріп, бетінен сүйіп орындарына жайғасуы болды. Ештеңеге қарамастан балалардың әкесімен араласуы Мөлдірдің шешімі деп ойлаймын. Меніңше бұл өте дұрыс", – деп жазды желі қолданушысы. 

Еске салайық, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас баламен дуэт орындап, сынға қалған еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.