KZNews.kz
Қоғам

«Түркияға бөтен адаммен қыдырып кеткен»: Ақтөбеде ерлі-зайыптының ісі сотта қаралды

Torgyn Abushakhman

Ер адамның әйеліне отбасылық зорлық-зомбылық жасағаны анықталды

Ақтөбеде бұрынғы сүйіктісінің қорқытуынан шаршаған әйел адам сотқа жүгінді. Ер адам әйелге үйін және көлігін өртеймін деп бірнеше рет қоқан-лоққы көрсеткен. Бірақ сот оны жазаға тартқан жоқ, себебі қылмыстық жауапкершілік мерзімі өтіп кеткен. Бұл туралы Kznews.kz агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоқан-лоққы, қысым және күш қолдану

55 жастағы ақтөбелік азамат бұрынғы жұбайына жасырын нөмірлермен қоңырау шалып, үй мен көлікті өртеймін деп қорқытқан. Тіпті, ол банк қосымшасы арқылы ақша аударып, соның ішіне қоқан-лоққы мәтіндерін жазып жіберіп отырған.

Үйдегі зорлық пен ажырасуға дейінгі жағдай

Зардап шегушінің айтуынша, олар 2021 жылдан бастап некеде болған. Ер адам еш себепсіз ұрып-соққандықтанүш баласы одан қатты қорқатын. Әйел полицияға шағымдануға үрейленгенін айтқан. 2024 жылдың наурызында күйеуі ажырасуға өтініш беріп, шілде айында ресми түрде ажырасты. Әйел бизнесіндегі ақшаны күйеуінің ұрлап кетуінен қорқып, компания есепшоттарын бұғаттаған.

Шабуыл әрекеті мен полицияның араласуы

Сот материалдарында жазылғандай, ер адам бірде гипермаркет маңында әйеліне:

Айыпталушы не дейді?

Ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ. Оның айтуынша әйелі 2024 жылы Түркияға бөтен ер адаммен қыдырып барған. Мынадай себептер айтып ақталған:

Сот үкімі: кінәлі, бірақ жаза қолданылмайды

Судья Алиева әйелдің сөзі шындыққа сәйкес келеді деп тапты. Ер адам өліммен қорқыту және мүлікті жоюмен қорқыту баптары бойынша кінәлі деп танылды. Алайда, сот қылмыстық жауапкершілік мерзімі өтіп кеткенін ескере отырып, оны жазаға тартқан жоқ.

Шектеу шаралары енгізілді

Сонымен қатар, сот шешімімен ер адамға мынадай тыйым салынды:

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары