Харри Кейн «Алтын допты» иеленді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркияда альпинистер мінген шағын автобус апатқа ұшырады

Түркияда альпинистер мінген шағын автобус апатқа ұшырады
фото: ашық дереккөз

Анталия провинциясында альпинистер мінген шағын автобус жол жиегіндегі жыраға аударылып кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі.

Анталья провинциясындағы Кумлуджа ауданында альпинистерді тасымалдаған шағын автобус жолдан шығып, жыраға аударылды. Жол апатынан жүргізушіні қоса алғанда, 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды kznews.kz

Түркияның mygazete басылымының хабарлауынша, шағын автобус Адрасан ауданынан жолға шығып, Мавикент орамындағы Чердин жерінде апатқа ұшыраған.

Жүргізуші рөлге ие бола алмай, микроавтобус жолдан шығып, аударылып кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, өрт сөндірушілер мен жандармерия қызметкерлері жіберілді. Медицина қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, Кумлуджа және Финике аудандарындағы ауруханаларға жеткізді.

Зардап шеккендердің жағдайы әзірге белгісіз. Жандармерия апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияда туристер мінген автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапқан еді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.