Түркістан облысы Келес ауданында 8 жастағы баланы іздеу жұмыстары төртінші күн қатарынан жалғасып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Құтқарушылардың мәліметінше, қайғылы оқиға 23 наурыз күні кешкі уақытта болған. Бала ойнап жүріп Келес өзеніне құлап, суға кеткен.
Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі, полиция, жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ туыстары мен еріктілерден құралған 120-дан астам адам тартылған. Сонымен бірге 15 техника, 12 жүзу құралы және 2 дрон пайдаланылып жатыр.
Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жалғасуда. Мамандар тұрғындарды су айдындары маңында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.